Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Өскемен гүлдің ортасында қалды

Өскеменде жаппай гүл отырғызу басталды. Күн жылығалы бері өңірде көгалдандыру жұмысы басталды. Коммуналдық мекеме қызметкерлері қолайлы ауа райын пайдаланып, көшелер, алаңдар және гүлзарларда жазғы безендіру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек аяқтауға талпынуда. Биыл 700 мыңнан аса гүл отырғызу жоспарланған. Негізінен орталық көшелер мен қаланың көрнекті жерлері қамтылады. Алуан түрлі композиция қала көшелерін ажарландыра түседі, дейді мамандар. Олар күндіз-түні жұмыс істеуде.

ӨМІРТАЙ ЕШНИЯЗОВ, «ТАЗА ӨСКЕМЕН» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Гүлдер бізге Астана қаласынан келеді. Климаты Шығыс Қазақстанға ұқсағандықтан, Астана қаласынан аламыз гүлдерді. Биыл 700 мың гүлді 19 мың шаршы метр жерге егуіміз керек. Қазір күннің суық болуына байланысты кішкене кеш бастадық. Қазір енді үлгереміз. Бір ай көлемінде гүлімізді егіп, отырғызып бітуіміз керек. Соған бар күшімізді, жігерімізді саламыз.

← Барлық жаңалықтар