Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Мектеп автобустары тексерілді

Елімізде үш мыңнан астам мектеп автобусы тексерілді. Балаларды таситын көліктердің төрт жүзінен техникалық ақау анықталыпты. Министрліктің қадағалауынан өтпеген, жүргізушілер әрең-әрең игерген автобустардағы кемшіліктерді жоюға 200-ден астам нұсқама беріліпті. Өйткені балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Жазғы демалыста көлік апатынан ада болсын деп «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы да ұйымдастырылған. Іс-шараға екі мыңнан астам ұйым мен мекеме атсалысыпты. Сондай-ақ инспекторлармен бірлесіп, жолда жүру қағидаларын насихаттауға бағытталған мыңға жуық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция ата-аналарды, жүргізушілерді және барлық жол жүрісіне қатысушыларды жазғы демалыс кезеңінде барынша мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Балаларды қорғап, жолда жүру қағидаларын сақтайық!

← Барлық жаңалықтар