Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Еуропа төрінде ұлттық өнеріміз дәріптелді

Еуропаның қақ ортасында домбырамыз күмбірлеп, ән-жырымыз шырқалды. Сыр өңірінің өнерпаздары Ұлы даланың мәдениетін Люксембургте дәріптеп, ерекше концерт өткізді. Өнер кешіне сол елдің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломат мүшелері мен қазақстандық студенттер қатысты. Бұл сапар — мәдени дипломатияның жарқын үлгісі дейді ұйымдастырушылар. Тұмса табиғаты мен көне тарихы үйлескен мекенде жыраулардың жыры мен термесі орындалғанда, жергілікті халық таңданысын жасыра алмады.

← Барлық жаңалықтар