Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Көпқабатты үйге бензин шашқан

Өрт болса қашып құтыла алмас едік. Павлодарда көпқабатты үйдегі пәтерлердің біріне және баспалдаққа бензин шашқан ер адам жұрттың зәресін алды. Оқиға таңғы уақытта, тұрғындар шырт ұйқыда жатқанда болған. Ер адамды үй иелерінің бірі байқап қалыпты. Бірақ қаскөй оның үстіне де жанармай құйып, қашып кеткен. Желіге тараған видеодан қаскүнемнің пәтерге қайта оралып, көршілермен тәжікелесіп жатқаны анық байқалады. Сәлден соң бой тасалаған. Тұрғындар бензиннің барлық жерге төгілгені сонша, өрт болса қашып кете алмас едік деп әбден қорқып қалған. Ал полиция күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлады. Тұрғындар бұл оқиғадан кейін үйдегі қауіпсіздікке қатты алаңдап отыр. Полиция күдіктіні іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

← Барлық жаңалықтар