Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Көшенің қақ ортасында көлік өртенді

Бас қалада көшенің қақ ортасында тұрған көлік өртеніп, адамдар зардап шекті. Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндірушілер дереу жеткенімен, олар келгенше көліктегі газ жарылып, артынша автокөлік қызыл жалынға ораныпты. Салдарынан жақын жерде тұрған бірнеше машина бүлініп, адамдар зардап шеккен. Тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір мамандар жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр. Осы орайда төтенше жағдай мамандары тізгіншілерді темір тұлпарларындағы әрбір ақауға бейқам қарамауға шақырады. Қандай да бір кінәрат байқалса, дереу қалпына келтіру керек.

← Барлық жаңалықтар