Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Соттағы сауда

Бостандықтың құны 40 млн теңге. Сотталушыны сүттен ақ, судан таза шығарамын деп, аса ірі көлемде пара алған заң өкілі қолға түсті. Өскеменде қылмыстық істер жөніндегі облыстық сот алқасының төрағасы айыпталушының абақтыға кетпеуіне кепілдік беріпті. Оның өтеуіне 40 миллион теңге талап еткен. Алайда шендінің бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол қомақты ақшаны алып жатқан сәтте ұсталып, қолына кісен тағылды. Бұл ақпаратты Жоғарғы сот та растап отыр. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Сот жүйесіндегі бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Қазір істің барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар