Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Асфальт еріп кетті

Аптап ыстықтан асфальт та еріп жатыр. Астана мен Павлодардың арасын жалғайтын автомагистральдың цементбетон жабыны көтеріліп кеткен. Салдарынан үлкен соқпа пайда болыпты. Қапырықтан жүргізушілер ах ұрып, жауаптыларды шақырып, әйтеуір бүлінген жерді бүтіндеп жатыр. «ҚазАвтоЖолдың» жазуынша, кеше өңірде ауа температурасы 37 градусқа жеткен. Ақаулардың алдын алу мақсатында жедел профилактикалық жұмыстар басталыпты. Жол қызметтері бүлінген учаскелерді қалпына келтіріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

← Барлық жаңалықтар