Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Күтуші әйелден қорлық көрген кейуана

Күтушіден қорлық көрген кейуана. Семейде 91 жастағы зейнеткерге күтуші әйел тіл тигізіп, ұзақ уақыт бойы қатыгездік танытып келген. Белгілі болғандай, әжесінің көңіл-күйінен өзгерісті байқаған туыстары үйге жасырын камера орнатыпты. Осылайша олар сенім білдірген көмекшінің іс-әрекетін көріп, жағаларын ұстаған.

Бейнежазбада адуын келіншектің зейнеткерді балағаттап, ұрысқаны анық байқалады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір осы жайт бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр екен. Заңнамаға сәйкес, қорлау фактісі бойынша іс қозғалыпты. Алайда зейнеткердің жақындары мұнымен келіспей отыр.

← Барлық жаңалықтар