Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Елорда әуежайы қалыпты режимге оралды

Елорда әуежайы қайтадан қалыпты режимде жұмыс істей бастады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін оның ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салдарынан сәуірдің ортасынан мамырдың соңына дейін ұшақтар күндіз ұшпаған еді. Соған байланысты кейбір рейстер таңғы және кешкі уақытқа ауыстырылған болатын. Енді бәрі қайта қалпына келді. Кешелі-бері ұшақтар әуе компанияларының кестесіне сәйкес ұшып-қонып жатыр.

← Барлық жаңалықтар