Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Тұрғын үйге бөлінген ақшаны жымқырған

Ақмола облысында әлеуметтік санаттағы тұрғын үйдің құрылысына бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған. Ал талай отбасы сарыла күткен баспана сол күйі салынбай қалыпты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылы мердігер Көкшетау қаласының әкімдігімен көппәтерлі үйді салу үшін келісімшарт жасаған. Жобаның құны – 1 миллиард теңге. Жауапты компания басшысы міндетін орындамай, құлқынының қамын ойлапты. Сөйтіп, жалған құжаттар жасап, миллиондап аванс алыпты. Соңында құрылыс жұмыстары аяқсыз қалған. Жымысқы әрекетке барған күдікті қамауға алынды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттар ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-ге 211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс толық көлемде орындалмаған. Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмей келген. Ал алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар