Мазмұнға өту
· 15 қаралым

«Дипломмен ауылға» жобасында мамандықтар жаңарды

«Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы мамандықтар жаңарды. Бұл туралы Мәжілісте айтылды. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі өзгертілген заңға сәйкес, енді архив ісі және цифрлық технологиялар саласында істейтін мамандар да ауылға барып, еңбек ете алады. Айта кетейік, аталған жобамен бұған дейін дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп және әлеуметтік сала мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер елді мекендерде жұмыс істеп келеді.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар