«Қорқыныш бөлмесі» шынымен қорқынышқа айналды. Атыраудағы ойын-сауық саябағында ағаштан жасалған көңіл көтеретін орын мен карусель түгі қалмай жанып кетті. Жалын түнгі 10-дар шамасында тұтаныпты. Халық арасында «комната страха» аталып кеткен жерде қайта демалушылар болмаған көрінеді. Өрт сөндірушілер келгенше, тез тұтанатын материалдардан салынған нысанның күлі көкке ұшқан. Мамандар сонда да жедел әрекет етіп, оттың басқа ғимараттарды шарпуына жол бермепті.
ЖАНТӨРЕ ДЕМЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиға кезінде ішінде адамдар болмаған. Жарақаттанғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жану аумағы жалпы 80 шаршы метрді құрап тұр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 22 жеке құрамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.