Мазмұнға өту
· 8 қаралым

300 оқушы әнұран шырқады

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда ерекше патриоттық акция ұйымдастырылды. Флешмобқа 300-ден астам оқушы қатысты. Жазғы лагерге келген балалар ұстаздарымен бірге көк тудың бейнесін құрып, әнұранды нақышына келтіріп орындады. Мұндай шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін ұялатып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырады дейді ұйымдастырушылар.

АЛМА ОРАЗБАЕВА, №174 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін 174 мектеп-гимназия базасында ауқымды патриоттық флешмоб өтіп жатыр. Мақсатымыз – оқушыларды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу. Мұндай ауқымды іс-шаралар жиі болып тұрады. Мақсатымыз – елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.

← Барлық жаңалықтар