Биыл жазда жаңбыр жарытып жаумайтын сыңайлы. «Қазгидромет» бірқатар өңірде қуаңшылық болады деп қорқытып қойды. Синоптиктердің болжамынша, маусым айында төрт аймақта ылғал тапшылығы сезілуі мүмкін. Атап айтқанда, олар – Ақтөбе облысының Шалқар, Алматы облысына қарасты Балқаш, Жетісу облысының Қаратал, сондай-ақ Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары. Айта кетейін, бұған дейін ауа райын болжаушылар жаздың алғашқы айында еліміздің 12 облысында аптап ыстық күтілетінін хабарлаған. Жаңартылған мәлімет бойынша, елдің қалған аумағында жауын-шашын қалыпты деңгейде болады.