Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Жол ережесін бұзатындар «куәлігінен» айырылуы мүмкін

Жүргізушілердің назарына! Жол ережесін жиі бұзып, бір жыл ішінде 20 балл жинағандар 12 айға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Пилоттық жоба Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өткізіліп жатыр. Мәселен, ережені пысқырмаған тізгінші айыппұл арқалап қана қоймайды, оған 1-ден 3-ке дейін балл қосылып тұрады. Ұпайдың көлемі құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. Ол тек сот шешімі немесе тиісті қаулы күшіне енгеннен кейін ғана есепке алынады. Айта кетерлігі, жоба әзірге сынақ режимінде болғандықтан, шекті балға жеткен жүргізушілерге ешқандай шара қолданылмаған. Түпкілікті шешім пилоттық кезеңнің нәтижесіне қарай қабылданады.

← Барлық жаңалықтар