Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Дубайға рейстер ашылды

Жазғы демалысымды қайда өткіземін деп басы қатып жүргендерге ақжолтай хабар. Air Astana әуе компаниясы үш айға дейін созылған ұзақ үзілістен соң Дубайға тұрақты рейстерін кезең-кезеңімен қайта ашпақшы. Ұшақтар Алматы–Дубай–Алматы бағыты бойынша 20 маусымнан, ал Астана–Дубай–Астана бағыты бойынша 10 шілдеден бастап қатынайды екен. Рейстердің жиілігі әуелі аптасына 2 рет, кейін 4, сосын 6-ға дейін көбейеді. Сөйтіп күн сайын ұша бастайды. Әуе компаниясының мәліметінше, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстер әзірге Пәкістан аумағы арқылы ұшады. Дегенмен Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ахуалды бақылауда ұстауды жалғастырып, қажет болған уақытта ұшу кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін екенін ескертті.

← Барлық жаңалықтар