Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Отандық медицинаның мүмкіндігі

Енді адам ағзасындағы тіндерді заманауи медициналық технологиямен оңай қалпына келтіруге болады. Бүгін елордада отандық және шетелдік дәрігерлердің қатысуымен халықаралық форум өтті. Жиында дерматология, хирургия, стоматология саласындағы жетекші мамандар баяндама жасады. Ғалымдардың айтуынша, денедегі жарақатты емдеуде плазманың рөлі орасан зор. Нақты зерттеулердің арқасында тыртықтың орнын тез қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ аталған әдісті көз емдеу мен гинекология, косметологияда қолдануға болады.

БАҒЛАН СЕЙТМҰРАТҰЛЫ, ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГ:

Үлкен форум қанның плазмасы немесе сарысуына байланысты форум. Бұл жерде плазманы қолдану әдісі, оның терең мәні, медицина саласына пайдасы туралы әңгіме болады. Тыртықтану процесін жақсарту үшін плазма терапиясы деген бар. Соны терең меңгеру үшін, механизмін түсіну үшін форумдарда жаңалықтар ашылып жатыр.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар