Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Мұрағаттағы құжаттар цифрландырылады

30 млн-нан астам құжат. 10 жыл ішінде Президент архиві мыңдаған деректерді цифрландырып үлгерген. Бүгін елордада III халықаралық архившілер конгресі өтті. Іс-шараға әлемнің 30 елінен 500-ден астам мейман қатысты. Форумда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Мемлекет үшін құнды деректерді электронды нұсқада сақтау өте маңызды. Бұл, бірінші кезекте, жұмысты жеңілдетіп, ақпаратты тез әрі оңай іздеуге септігін тигізеді.

ҚАЙРАТ ӘЛІМҒАЗИНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ХХ ғасырдан басталған құжаттар, 1918 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі құжаттар сақталуда. ХХ ғасырдың тарихи саясатына қатысты құжаттар, Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, Президентке бағынышты мемлекеттік органдардың құжаттары сақтаулы. Бұл қолжетімділік, қашықтан құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Жанар Арғынова

← Барлық жаңалықтар