Суретке түсемін деп, қамауға алынды. Шығыс Қазақстан облысында 20 жасар жігіт кәсіпкердің мүлкін қиратып тастады.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұзақы азамат демалыс орнына Астанадан келген екен. Қазір аталған факті бойынша «Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» бабымен хаттама толтырылып, елордалық қонақ 24 сағатқа қамауға алынды. Оған қоса, ол кәсіпкерге келтірілген материалдық шығынды толықтай өтейтін болады.