Мазмұнға өту
· 8 қаралым

СМС-ке жауап бермеген жігіттер жазаланады

Енді елімізде смске жауап бермеген жігіттер жазаланады. Бұл туралы бүгін Сенатта Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді. Оның сөзінше, ешкімді ескертусіз әскерге алып кетпейді. Шақырту заң бойынша электронды түрде жолданады. Алайда қатарынан үш рет хабарлама жіберілсе де, комиссариатқа келмегендерді құқық қорғау органдары мәжбүрлі түрде жеткізеді. Сонымен қатар вице-министр әскерге жаңадан барған жігіттердің психологиялық мәселелерін, олардың қалай бейімделетінін де айтып кетті. Екі апта бойы арнайы мамандар мен тәрбие жұмысына жауапты офицерлердің бақылауынан өтеді.

← Барлық жаңалықтар