Жамбылға алдағы уақытта туристер ағылуы мүмкін. Өйткені Мойынқұм ауданының әкімі облыстың үштен бірін алып жатқан аумақты сафари аймағына айналдырмақшы. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты. Айтуынша, Қытайдан бастап араб елдеріне дейін шөлейтті жерге қызығушылық танытып отыр екен. Олар түрлі демалыс орындарын ашып, ауданды адам танымастай өзгерту туралы ұсыныс айтыпты. Аудан басшысы бұл бағытта жұмыстың алғашқы қадамдары басталғанын мәлімдеді.
ЕРМЕК КАРЕНТАЕВ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Арабтардың қызығып отырғаны, олар өздерінде Дубай қаласында басқа жерлерді сафари жасайды. Бізде соны қазір тура сіз айтқандай сафари сияқты жоспардың бірі сол. Мойынқұм ауданы 42 пайызды алып отырмыз. Жер жетеді. Соны енді пайдаланып, жасаймыз.