Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Шетелдіктерге ЖСН сатқан

Қазақстанға қадам баспай-ақ, заңды құжатты қалтаға басқан. Астанада шетелдіктерге сырттай жеке сәйкестендіру нөмірін, яғни ЖСН-ді рәсімдеп, сатқан қылмыстық схеманың жолы кесілді. Пысықайлар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдаланып, оңай олжаға кенелген. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетел азаматтарына ЖСН беру олардың Қазақстан аумағында болуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы ғана жүзеге асырылады. Күдіктілер әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, мүдделі шетелдіктерді үгіттеген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген. Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

← Барлық жаңалықтар