Бас қаланың сол жағалауында тұратын ағайын үшін құлаққағыс. Астананың бірқатар тұрғын үйінде апта соңына дейін ыстық су уақытша тоқтатылады. Шектеу жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау мақсатында енгізіліп отыр. Қала әкімдігінің дерегінше, ыстық су 15 маусым сағат түнгі он екіден бастап, 19 маусым күні түн жарымға дейін берілмейді. Уақытша қолайсыздық Тұран, Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары, сондай-ақ Сауран, Сығанақ, Ақмешіт, Алматы, Керей мен Жәнібек хандар, Ұлы Дала, Орынбор, Әлихан Бөкейхан, Бұқар жырау, Достық көшелеріне қатысты екен.