Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Пойыз рельстен шығып кетті

Ресейдің Саратов қаласынан Алматыға келе жатқан пойыз жол апатына ұшырады. Оқыс оқиға Шиелі мен Түркістан станцияларының арасында болды. Сөйтсе, жүрдек пойыздың бір вагонының қос дөңгелегі рельстен шығып кетіпті. Бір ақаудың болғанын сезген машинист дереу тежегішті басып, шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Пойыз кілт кідірген кезде жан-жаққа соғылған бірнеше адам зардап шеккен. Сәтін салғанда, жарақаттары жеңіл-желпі екен, ешқайсы медициналық көмекті қажет етпеген. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін қосымша пойыз жіберіліпті. Мамандар болса, ақауы бар рельсті қалпына келтірген.

← Барлық жаңалықтар