Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Әскердегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды

Енді әскердегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды. 2027 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық казарма ақылды бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйе әскери бөлімдердегі жағдайды бақылап қана қоймай, бейнежазбаларды талдап, төтенше немесе күмәнді жағдайларды анықтауға көмектеседі. Жобаның мақсаты – әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту және келеңсіз оқиғалардың алдын алу.

АСҚАР МҰСТАБЕКОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір барлық жерде камералар орнатып жатырмыз. Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар бар. Биыл жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казарманы толық бейнебақылау жүйесімен қамтимыз деп ойлаймын. Бұл талдау жүргізетін жасанды интеллекті бар жүйе болады.

Сондай-ақ, Асқар Мұстабеков сарбаздардың құрғақ азығына киік етінен жасалған консервілерді енгізуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда мұндай жоспар жоқ.

← Барлық жаңалықтар