Жаңбырменен жер көгерді. Ақтөбеде үш апта бойғы толассыз жауынның арқасында су қоймалары толып, мамандар мәре-сәре болды. «Қазсушар» мекемесіндегілердің айтуынша, Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларында 100 миллион текше метрден астам қор жиналса, Сазды 50 пайыздан аса толыпты. Қазір нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Жиналған мол су қоры өндіріс орындарының қажеттілігін өтеуге, ал Саздыдағысы бау-бақша ұжымдарын қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл көктемгі су тасқыны оңайырақ тиді.
ТИМУР ТІЛЕУОВ, «ҚАЗСУШАР» МЕКЕМЕСІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы жылы су аз келді. Мысалы, Ақтөбе су қоймасына 60 млн текше метр су келсе, Қарғалы су қоймасына 45 млн су келді. Ал Сазды су қоймасына 600 мың текше метр су келді. Енді өздеріңіз білесіздер, 2-3 апта бойы жаңбыр жауды. Ол судың пайдасы бар, су керек.
Ақбаян Сұлтанмұратова