Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Курьер болуға кімдерге тыйым салынады?

Елімізде курьер болып істегісі келетіндерді жұмысқа қабылдаудың ережесі өзгертілмек. Бұған әлеуметтік желіні шулатқан, иығына сөмке асынып, жөргектегі сәбиін көтеріп, жұртқа тамақ тасыған Алматыдағы келіншектің оқиғасы себеп болып отыр. Бүкіл ел жас ананың хәліне алаңдап кеткен еді. Абырой болғанда, бауыр еті баласын құшақтап, табан ақы, маңдай термен ақша тапқан әйелдің жағдайы жақсы екен. Еңбек министрлігі оның жалғызбасты ана еместігін анықтапты. Күйеуі екеуі Шымкенттен Алматыға көшіп келіпті. Ата-анасы да бай-қуатты тұратын көрінеді. Қоғамда резонанс туғызған оқиғадан кейін министрлік өкілдері жеткізу қызметін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырғандармен мәселені талқылаған. Сөйтіп, курьер болып істегісі келетіндерге арналған бірыңғай қағиданы бекітуге келісіпті. Оның егжей-тегжейі бір айдың шамасында белгілі болып қалады.

← Барлық жаңалықтар