Мазмұнға өту
· 6 қаралым

+50 градус ыстық келе жатыр

Алда аптап келе жатыр. Синоптиктер шілдеде кей облыстарда күн 50 градусқа дейін ысиды деп болжап отыр. Солтүстік пен шығыс өңірлерде сынап бағаны +42…+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47…+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ара-тұра аспан айналып жерге түсетін шілденің шіліңгірін жаңбырлы күндер алмастырып тұруы ықтимал. Мысалы, солтүстікте жауын-шашынның ең көп мөлшері осы айда түседі. Кейбір аудандарында, тіпті, жауын-шашынның бір айлық мөлшері бір түнде жаууы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар