Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Алматы метрополитені 10 жаңа электр пойызымен толығады

Алматы метросына жап-жаңа 10 электр вагон сатып алынады. Жаңғырту жұмыстары «Қалқаманнан» «Барлық» станциясына дейін тәулігіне 170 мың адам тасуға мүмкіндік бермек. Бүгінде метрополитенде 15 электр вагон жолаушыларға қызмет көрсетуде. Қосылатын жаңа құрам пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландырады. Бұдан басқа, әкімдіктегілер алдағы бес жылда басқару жүйелері мен эскалаторлар да жаңартылып, метрополитеннің техникалық қауіпсіздігі артады деп сендіріп отыр. Оған миллиардтан астам қаражат жұмсалмақ.

Гүлнәзия Амирханова

← Барлық жаңалықтар