Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Енді араның да паспорты болады

Ара екеш араның да енді ветеринариялық паспорты болады. Елімізде омарта шаруашылығына қатысты жаңа заң күшіне енді. Соған сәйкес, тиісті құжатта омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетіледі. Паспортты әр өңірдегі әкімдіктер құрған жауапты мемлекеттік ұйымдардан алуға болады. Сонымен қатар, құжатта омарталардың орналасу қашықтығына қатысты талаптар да қамтылған. Көшпелі аралар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінде орналастырылуға тиіс.

← Барлық жаңалықтар