Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Жастар еңбек жасақтарының кезекті маусымы ашылды

Жатар орнын, ішер тамағын ұйымдастырып, жалақысына дейін төлейді. Бас қалада жастар еңбек жасақтарының 3 маусымының ашылуы өтті. Осыдан 3 жыл бұрын 130 қыз-жігіттен басталған қозғалыс бүгінде 1000-нан астам жалынды жастың басын қосқан үлкен жобаға айналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара ұл-қыздарды еңбекке баулуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар ертеңнен бастап өз жұмысына кіріседі. Жасақтар ветеринарлық, экологиялық, құрылыс, әлеуметтік, аграрлық және өндірістік секілді 10 бағыт бойынша бөлінеді екен. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға «Ауыл» партиясы мұрындық болған.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Оның бастамасында бізге көптеген күмән айтылған. Қазіргі жастар қара жұмысқа, осындай үлкен құрылыс жұмысына болсын, ауыл шаруашылық жұмысына болсын, басқа бағыттағы жұмысқа бармайды. Бұлар қазір қаладан шықпайды, бұлар кафеде, қаланың көлеңкесінде жүріп, сол ақшаны сол жерден де табады деген сөздер көп айтылған. Бірақ біз жастарға сеніп, мүмкіндік туғыздық. Біздің үмітіміз ақталды. Ең бастысы – ол жастардың өздерінің көтерген белсенділіктері.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар