Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Нәлібаев Батыс Қазақстанға барды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады. Алдымен ол Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты нысанында болып, өндірістік көрсеткіштермен, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Оралдағы «Жайықжылуқуат» кәсіпорнына ат басын бұрды. Нәлібаев ұлттық жоспар аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын жүйелі әрі сапалы атқаруды тапсырды. Вице-премьер назар аударған тағы бір ауқымды жоба – Орал теміржол вокзалы. Нысандағы жаңғырту жұмыстары 95%-ға орындалған. Ол мердігер компания мен жауапты тұлғаларға құрылыс сапасы бірінші кезектегі мәселе екенін баса айтты.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің елімізде бірінші рет 124 вокзал қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Оның ішінде біразы жаңадан салынып жатыр. Ол енді өте үлкен жұмыс. Өте қажет ел үшін. Өте үлкен жоба, тезірек енді аяқтауымыз керек.

← Барлық жаңалықтар