Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Енді кім көрінген психолог болып ақыл айта алмайды

Енді елімізде кез келген адам психолог қызметін ұсынып, жұртқа ақыл айта алмайды. Аталған мамандық бойынша кәсіби стандарт енгізіліп, мамандардың даярлық деңгейіне мән берілмек. Бүгін Сенатта «Психологиялық қызмет туралы» заң мақұлданды. Оны таныстырған депутат Әсем Рахметова кейінгі кезде жалған психологтар мен коучтардың сөзіне еріп, алданып жүргендер көбейгенін тілге тиек етті. Сондықтан әр адамға көрсетілетін психологиялық көмек сапасын арттыру мақсатында ғылымға негізделген әдістерді қолдану талабы енгізіліп, мамандардың кәсіби дамуын қолдайтын институттар құрылатынын айтты.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Заң аясында психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу көзделіп отыр. Мемлекеттік тізілімге енген психологтар өз ісіне жауапкершілікпен қарауға міндетті болады. Сондай-ақ психологтарды сертификаттау институты енгізіледі. Сертификаттау маманның кәсіби даярлығы мен біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді. Аталған тетіктерді енгізу үшін елімізде қажетті кадрлық және институционалдық негіз қалыптасқан. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, психологтарды 43 жоғары оқу орны даярлайды.

← Барлық жаңалықтар