Алматыда бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері марапатталды. Президент берген мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген сала майталмандары «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалдарын кеуделеріне тақты. Мемлекет басшысы біздің телеарнаның эфирді жоспарлау және шығару қызметінің директоры Лариса Асхарованы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
ЛАРИСА АСХАРОВА, «ЕУРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫНЫҢ ЭФИРДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Мен өз арнаммен және командаммен мақтанамын. Біз көптеген жылдар бойы көрермендер үшін қызықты бағдарламалар жасап келеміз. Бұл, бәлкім, ең маңыздысы. Біз бағдарламаларымызды тартымды әрі сүйіспеншілікпен, кәсіби түрде жасаймыз.