Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы қаза болды. Қайғылы жағдай Түлкібас ауданында болған. Бейресми ақпарат бойынша, темір тұлпардың тізгінінде 17 жастағы қыз болған екен. Ол әкесінің көлігін айдап, жақындарымен жолға шыққан. Алайда трассада көлікті басқара алмай, қатты жылдамдықпен жол жиегіндегі ағашқа соғылыпты. Жеңіл автомобильдің сау тамтығы қалмаған. Куәгерлердің сөзінше, салонда алты адам болыпты. Тағы бір қыз ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр екен. Жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы қаза тапты
Қайғылы жағдай Түлкібас ауданында болған.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар