Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Көкшетауда кейуана өртеніп кете жаздады

Көкшетаулық өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі өрттің ортасында қалып қойған әжейді аман алып қалды. Мамандар екі өкпелерін қолына алып, оқиға орнына жеткенде ішке бірден кіре алмапты. Аулада қалай болса солай тұрған автокөлік кедергі келтірген. Арнайы техника өте алмағандықтан, мамандар өрт шарпыған аумақты портативті жүйемен сөндіруге мәжбүр болған. Төтеншеліктердің жылдам әрекетінің арқасында қызыл жалын дер кезінде ауыздықталып, ешкім зардап шекпеген. Ал жұмысқа тосқауыл болған темір тұлпардың иесіне әкімшілік айыппұл салынды.

← Барлық жаңалықтар