Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 80 қаралым

Бір үйдің үш келіні ұрлықшы болып шықты

Алматыда бір әулеттің босағасын аттап, бір-біріне абысын болған үш келін жылдар бойы қалта ұрлығымен айналысып келген.

Олар жаңа отбасына қадам басқаннан кейін адал тірлікпен емес, бағалы заттар мен алтын әшекейлерді қолды қылумен шұғылданыпты.

Тергеу мәліметінше, әйелдер рөлдерін нақты бөлісіп, алдын ала жоспар бойынша әрекет еткен.

Олардың негізгі нысаны базарлар, қоғамдық көліктер мен халық көп жиналатын өзге де орындар болған.

Бірі кезекте тұрған адамды әңгімеге айналдырғанда, екіншісі оның қалтасы мен сөмкесін тінтіп, үшіншісі қолды болған мүлікті тез арада алып кетіп жүрген.

Қазір бәрі изоляторда отыр.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар