Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

17 жасар баланы өлтіргендер сотталды

Түркістан облысында 17 жастағы бозбаланы атып өлтіргендерге үкім шықты. Былтыр қарашада болған оқиға кезінде тағы үш адам түрлі жарақат алған-тұғын. Судья басты айыпталушыны 20, екеуін 18 жылға бас бостандықтарынан айырды. Ал қылмысты біле тұра хабарламаған екі жігітке 3 және 2 жыл үкім кесілді. Бір айыпталушы тергеу кезінде көмектескені үшін сот залында босатылды. Дегенмен арада бір жылдай уақыт өтсе де, бір күдікті әлі күнге дейін ұсталмапты. Бұл қылмыс Түлкібас ауданында болған еді. Бетперде тағып алған бірнеше адам көлікпен келіп, көшеде тұрған жігіттерге оқ жаудырған. Сол кезде жанжалға түк қатысы жоқ, ағасымен бірге дәріханаға шыққан Төрехан Төрәлі есімді бозбалаға да оқ тиіп, ол ауруханада көз жұмған еді.

← Барлық жаңалықтар