Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Әйелін балаларының көзінше ұрып тастаған

Әйелін балаларының көзінше соққыға жыққан ер адам ұсталды. Әбден таяқ жеген келіншектің әлеуметтік желіде тараған видеосы көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Әсіресе кадрдағы жылаған балалардың дауысы қоғамды тіксінтті. Беті мен қолы қанжоса болған әйел өзін видеоға түсіріп, әпкесінен көмек сұраған. Ерні де жыртылып кетіпті. Сөйтсе, жанжал дәмханадағы фотодан басталған екен. Келіншегінің «отбасы болып суретке түсейік» деген сөзіне, «оны кімге көрсетпексің?» деп шамданған күйеуі оған қол көтеріп, ұрып-соққан. Шымкенттің тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. 25 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

НҰРДӘУЛЕТ СҮЙЕУБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ТҰРАН АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

← Барлық жаңалықтар