Мазмұнға өту
· 13 қаралым

«Air Astana» рейстері неге кешіге береді?

«Air Astana» рейстерінің кешігуі мен әуе кемелерінің жиі ауысуы Президенттің назарына ілікті. Бұл мәселе Ақордада талқыланды. Мемлекет басшысы әуе компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады. Президент пен компания басшысы оның қаржылық жағдайы мен даму жоспарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар жиі баратын елдерге бағыттарды көбейтуді, соның ішінде АҚШ пен Жапонияға тікелей рейстер ашуды тапсырды. Ибрагим Жанлыелдің айтуынша, компания жақын жылдары заманауи Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын сатып алып, 2036 жылға дейін әуе кемелерінің санын 74-ке көбейтпек. Сондай-ақ ол Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар