Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жаңа дәуірдің Ата заңы

Осы апта Қазақстан тарихында жаңа саяси дәуірдің басталған кезеңі ретінде есте қалмақ. 1 шілдеден бастап еліміз Жаңа Конституциямен өмір сүруге көшті. Бұл жай ғана құжат емес, республикалық референдумда 8 миллионға жуық азаматтың, яғни халықтың 87 пайызының таңдауымен бекітілген ұлттың жарқын болашаққа жасаған тарихи қадамы. Ата заңымыз мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгертіп қана қоймай, қоғам дамуына жаңа бағдар берді. Сарапшылардың пайымынша, бұл реформа тек саяси жаңғыру емес, бүкіл әлемдік технологиялық сілкіністер мен заманауи трендтерге қаймықпай жауап бере алатын қуатты мемлекет құрудың кепілі.

ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Тек қана біздің қоғам емес, бүкіл дүниежүзінде жасанды интеллект пайда болды. Интернетте басқаша стандарттар дамып жатыр. Сондықтан адамдардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріп жатыр. Қоғам мен мемлекет арасында жаңадан бір тәжірибе болып жатыр. Сондықтан бізде де жаңа Конституция соның бәріне бір жауап беруі керек.

Расында да, Ата заңымызға енгізілген өзгерістер ауқымды. Енді еліміз бір палаталы парламенттік жүйеге өтіп, вице-президент лауазымы енгізіледі. Сөз бостандығы мен меншік құқығын қорғау еселеніп, мемлекет қауіпсіздігі үшін шетелдік қаржыландыруға қатаң тыйым салынды. Ең бастысы, Конституция билік пен қоғамның байланысын мығымдай бекітіп, әрбір қазақстандықтың құқығын қорғауға бағытталған. Алда тарихи жауапкершілік – жаңа заңмен жаңа қоғам құру міндеті тұр.

← Барлық жаңалықтар