Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Астана – ел жүрегі

Бүгін Астананың халқы думанға бөленді. Орталықтағы ойын-сауық бағдарламаларды айтпағанда, қаланың шеткі аудандары мерекелік іс-шарадан кенде қалған жоқ. Көкталдағы концерт көптің көңілін көтеріп тастады. Тұрғындар шаттанып, би билеп, мәре-сәре болды. Қалалықтарды қуанту үшін қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан мен Мұрат, Дос арнайы келіпті. Сарыарқа ауданындағы мерекелік бағдарламада ұлттық ойындар да ұмыт қалған жоқ. Асық ату, арқан тарту, гір көтеруден жарыс өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

БАЛМИРА БЕРІКҚЫЗЫ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біз қаланың шеткі аудандарына да мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келді. Өйткені барлық тұрғындар Астана күнінде шаттыққа бөленуі керек. Кейбір адамдарға орталыққа қатынау қиын. Сол себепті біз шағын саябақтарда да концерттер өткізуді жөн көрдік.

← Барлық жаңалықтар