Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Астана есімді 26 адам бар

«Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді» деп жар салғанымыз кеше ғана секілді еді. Бүгінде қаладағы халық саны 1 млн 670 мыңнан асып отыр. Ұлттық статистика бюросы мереке қарсаңында Астана жайлы қызықты деректерді жариялады. Сонымен, бас қалада әйелдер саны 884 мың болса, ерлер 790 мыңдай екен. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың. Ал 2025 жылы 27 мың сәби дүние есігін ашқан. Елорданы жастар қаласы деуге толық негіз бар. Өйткені осында тұратын халықтың орташа жасы – 30-31 жас аралығы. Сондай-ақ елімізде Астанамен аттас 26 адам тұрады. Шаһар мәдени ошақтардан да кенде емес. 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр.

← Барлық жаңалықтар