Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі

1 қыркүйектен бастап еліміздің мектеп бағдарламасына қосымша пән енгізіледі. Жаңа Конституция бойынша қолға алынған реформа аясында 5-7 сынып оқушылары үшін мемлекеттің бас құжатымен танысу мақсатында «Конституция негіздері» пәні енгізілсе, жоғары сыныптар «Заң мен тәртіп» курсын оқиды. Мұнымен қоса, заманауи сын-қатерлерге төтеп беру дағдыларын қалыптастыру үшін «Жеке қауіпсіздік» сабағы енгізілмек. Бұл бастамаға бұқараның пікірі қандай?

Кішкентай кезінен жалпы Ата заңды бойына сіңірген дұрыс деп ойлаймын. Балалардың болашағы үшін. Өздерінің құқықтарын қорғау үшін әр бала өз заңын біліп жүру керек деп ойлаймын.
Негізі құқықтарының бәрін білу керек. Балалар жас кезінен бастап білгені дұрыс. Қылмыстар азаяды.
Бекерден бекер шығармайды ғой ол заңды. Заң тұрғысынан өз құқығын қорғау үшін керек шығар деп ойлаймын.
← Барлық жаңалықтар