Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Аптап ыстық келе жатыр

Елімізде алдағы күндері құбылмалы ауа райы болады.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Әсіресе батыста, оңтүстік және шығыс облыстарда желдің күшеюі болжанып отыр.

Сонымен қатар синоптиктер алдағы күндері күннің ыстық болатынын ескертті.

Елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35, +39 градусқа дейін көтерілсе, кейбір өңірлерде аптап ыстық +41 градусқа дейін жетуі мүмкін.

← Барлық жаңалықтар