Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Қай мамандыққа грант көбейді?

Былтырға қарағанда биыл мемлекеттік грант саны 3 775 орынға қысқарып, жалпы саны 89 457-ге жетіп отыр.

Бұл көрсеткіш алдымен магистратураға әсер еткен.

Биылғы бөлінген грант саны 13 мыңнан 11 мыңға түскен.

Ал докторантурада, керісінше, көбейіп, 3079-ға жетіпті.

Бакалавриатқа келер болсақ, тегін білім беру инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында 16 600-ге дейін, ақпараттық-коммуникация технологиялары бағытында 10 380-ге дейін азайған.

Педагог кадрларын даярлауға бөлінетін грант та 13 мыңнан 12 мыңға дейін қысқарған.

Дегенмен салыстырмалы түрде ең көп грант осы бағыттарға тиесілі.

Ал жекелеген мамандықтар бойынша механика, педагогика, агроинженерия, гидротехника құрылысы және су ресурстарында айтарлықтай көбейіпті.

← Барлық жаңалықтар