Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері 26 жылдық белесін атап өтті.
Бүгінде бұл құрылым Қарулы Күштердегі ең ұтқыр әрі жауынгерлік әзірлігі жоғары әскер бөлімі.
Десантшылар заманауи қару-жарақ пен ұшу аппараттарын қолданысқа енгізіп, барлау мүмкіндіктерін кеңейтуде.
Қазақстандық сарбаздар өз кәсібилігін тек республикалық деңгейде емес, халықаралық оқу-жаттығулар мен БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында да талай мәрте дәлелдеді.
Айбынды жасақ ел егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолында кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет етуге әрдайым дайын екенін айтады.