Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шығыста өзен-көлде су көтерілуі мүмкін

Шілденің шіліңгіріне қарамастан, еліміздің кей өңірінде су тасып, өзен-көлдердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Синоптиктер әсіресе Абай мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына сақ болуды ескертеді. Өйткені екі өңірдің таулы аудандарында толассыз жауын жауып, соңы бұршаққа ұласады деген болжам бар. Қатты жел тұрып, найзағай ойнайды. Шығыс пен солтүстікте нөсер болса, оңтүстік пен батыста аптап ыстық ауа райы апта бойы сақталады.

← Барлық жаңалықтар