Мазмұнға өту
· 7 қаралым

60 мың төлеп үйлі болыңыз

Ай сайын 60 мың теңге төлеп пәтерлі болыңыз. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы басталды. Қолайлысы сол, баспаналы болу үшін бастапқы жарнаға бір тиын да төлемейсіз. Ал уақытша иелену мерзімі – 20 жыл. Егер созбалаңға салмай, баспананың бағасын бірден төлеп тастасаңыз, өз меншігіңізге рәсімдеуге болады. Игі бастама Қарағанды облысында қолға алыныпты. Бас-аяғы 250 пәтерге өтінім қабылдау басталған. Ай сайынғы жалдау ақысы бөлменің санына қарай 60 мыңнан басталып, 160 мың теңгеге дейін барады.

Ал бағдарламаға ел тұрғындарының барлығы қатыса алады. Тек бір шарты бар: өтініш берушінің ғана емес, отбасы мүшелерінің де соңғы 5 жылда атында үйі және мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. Өтінім қабылдау 17 шілдеге дейін жалғаспақ.

← Барлық жаңалықтар