Үкіметте Премьер-министрдің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Осы салаға жауапты министр Нұржан Нұржігітов бастап, 5 өңірдің әкімі судыратып есеп берді. Өйткені Президент тіршілік нәрін үнемдеудің озық технологияларын пайдалану, су қоймаларын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Жиында айтылған маңызды мәселенің бірі су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу. Бәрі цифрланатын күн алыс емес деп сендірді министр, бірақ нақты мерзімін атап айтпады.
Атқардым деген ілкімді істерінің ішінде Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында 5 су қоймасын қайта жаңартқанын айтты. Алайда Премьер-министр өңірлерде бірқатар жобаны жүзеге асыру кешіктіріліп жатқанын алға тартып, ескерту жасады. Себебі бұл жұмыстардың орындалуы Үкіметтің қатаң бақылауында екен.